Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Павлодар өңіріне барды
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Павлодар өңіріне барды. Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті жұртшылықпен кездесу өткізіп, бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Президент аймақтың экологиялық ахуалына назар аударды. Себебі өңірде жыл сайын ауаға 700 мың тонна зиянды қалдықтар шығады. Бұл жалпы Қазақстан бойынша қалдықтардың үштен бірі. Мәселені шешудің бірден бір жолы - облысқа көгілдір отын тарту. Осыған байланысты үкіметке газдандыру жұмысын тездетіп қолға алу тапсырылды. Президент қаланың көлік-логистикалық әлеуетін арттыру үшін Ертіс өзені арқылы жаңа көпір құрылысын бастау керектігін айтты. Бұдан бөлек әуе қатынасын да жандандыру тапсырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазір облыс орталығынан Астананың өзіне тікелей ұшақ ұшпайды. Үкімет жыл соңына дейін «Павлодар – Астана» бағытындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруі керек. Сондай-ақ жергілікті әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу мәселесін пысықтаған жөн.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12