Алматы қаласындағы Алатау ауданының тұрғындары үйcіз қаламыз деп алаңдайды
Алматы қаласындағы Алатау ауданының тұрғындары үйсіз қаламыз ба деп қорқады. Олардың баспаналары «қызыл аймақта» орналасқан.
Ерболат Досаевтың халықпен кездесуі барысында Мәдениет шағын ауданының тұрғыны шаһар әкіміне бұйымтайын жеткізді. Оның сөзінше, аталған аумақта үй салу үшін жерді заңды түрде сатып алған және Ол қаланың 2014 жылғы бас жоспарына толықтай сай келеді. Десе де, Момышұлы мен Бұрындай көшелерінің қиылысында орналасқан үйлер сүрілуі мүмкін. Себебі аталған аумақта мегаполистің батыс бөлігін қамтитын Алматы-3 темір жол вокзалы салынады.
Ерболат Досаев, қала әкімі:
Қала дамуы керек. Тұрғындар салып жатқан баспаналар технологиялық талаптарға сай келмейді. Нақтырақ айтсақ, біз бұл үйлерге инфрақұрылым тарта алмаймыз. Қазір «Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі бас жоспары» жасалып жатыр. Бір шешімін табамыз. Мәселен үйлері сүрілген азамттардың нарықтағы баға шығынын өтейміз.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03