Сыр өңірінде күріштік алқаптардың 95 пайызы орылды
Сыр өңірінде биыл күріш дақылы бітік шықты. Диқандар қауымы бүгінде күзгі жиын-терім науқанын аяқтауға жақын. Шаруашылықтар әр гектарынан орташа есеппен 54 центнерден өнім алып отыр.
Жалпы облыста су тапшылығына байланысты күріштік көлемі едәуір қысқарып, биыл 78 мың гектар жерге егілген болатын. Мамандар қиындыққа қарамастан Сыр салысының шығымы жақсы деп отыр. Қазір 75 мың гектар жерге орақ түсіп, қамба дәнге толған. Жаңақорған, Сырдария, Жалағаш аудандары күзгі жиын-терім жұмыстарын толық аяқтады. Ал, аймақтың солтүстік аудандарында егінді жинау әлі де созылуы мүмкін.
Қайратбек Сәрсенбаев облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:
Жоба бойынша 10 қазанға толығымен аяқталуы керек. Сол жобада келеді. Енді, Қазалы ауданында бірқатар қиыншылықтар бар. Өйткені күріш кеш егілді, су кеш жеткізілді. Соның нәтижесінде 5-6 күнге кешіктірілетін түрі бар.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15