Баспана бағасы бір айда 1,1%-ға қымбаттаған
Баспана тағы қымбаттай түсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше әсіресе қолданыста болған үйлердің бағасына тоқтам болмай тұр. Шаршы метрінің орташа құны 474 мың теңгеден асты. Яғни, бір айда 1,1; бір жылда 26 пайызға шарықтап отыр. Ал жаңа үйлердің бағасы қыркүйекте 0,3 процентке көтерілген. Жылдық өсім 19 пайыз. Жалдау ақысы да айтарлықтай қымбаттаған. Жылжымайтын мүлік саласының сарапшылары доллармен бірге баспана да қымбаттайтынын айтады. Өйткені импорттық құрылыс материалдарының үлесі басым. Әрі геосаяси ахуалға байланысты баспанаға сұраныстың артқаны белгілі.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00