ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
Осы жазда шығыста күн райы сан құбылды. Мамырдан бастап шілдеге дейін жауынсыз аптап ыстық түссе, сарша тамыз бұршақ аралас жаңбыр мен дауылымен келді. Дегенмен Қазидромет орталығы аймақта әлі де жоғары темпратура сақталатынын хабарлады. Ал қатты ыстық қан қысымы жоғары және жасы егде адамдарға қиын. Сондықтан жедел жәрдем шақыратындар әдеттегіден күрт көбейді.
Жаз шыға жедел жәрдем стансасы қызметкерлері де тынып таппайды. Ал күз бен қыс,көктемде тәулігіне 500-600 қоңырау болс, маусымнан қыркүйекке дейін күніне 2-мыңға дейін шақырту түседі. Негізінен созылмалы жүрек қан тамыры ауруына шалдыққан науқастар шағымданады.
Айжан Аманжанова,облыстық жедел жәрдем станциясының бөлім меңгерушісі:
Маусым айында 21 627 қоңырау түссе шілде айында 21 146 қоңырау түсті. СКЛ соның ішінде күн түсу,ыстық өту 21 қоңырау шалынды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2-3 есе көп болады.
Облыстық жедел жәрдем станасасында 50 бригада бар.Шақыру көбейгенде қосымша дәрігерлер тобы көмекке барады. Ал аңқаны кептіретін аптап басталғанда халық өзен-көлден сая табады.
Олжас Керейхан, тілші:
Мамыр,маусым самайдан ағызса шілде терін. Жылда осы уақытта қала да, дала да толтыратын гүлге етегін. Бірақ биыл сарша тамыз туса да аптаптың беті қайтпай тұр. Сондықтан өскемендіктер Ертісті жағалап, Бұқтырманы сағалап жүр. Әсіресе сенбі-жескенбі күндері мына жағажайда ине шаншар орын болмайды.Ал ауа һрайын болжайтын мамандар жыл ымырты күркүйекке дейін ыстық болады деп отыр.
Ауа райын болжау орталығының мамандары тамызда күн райы құбылмалы болатынын хабарлады.
Айжан Иманғаббасова, инженер-синоптик:
Ең жоғары ауа темпратурасы Шығыс Қазақстан облысы бойынша 16-шілде күні Өскемен қаласында тіркелді.+40 градус ыстық болған. Сонымен қатар 10-тамыздан бастап ауа темпратурасының қайтадан жоғарлауы күтіледі.
Дауыл, соғып найзағай мен жауын-шашын да болады. Жазда болған қуаңшылықтың салдарынан даланың бәрі қурап тұр.Сондықтан күзде өрт қаупі де жоғары.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы