Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
Алдағы Құрылтай сайлауы халықаралық сарапшылардың да назарында. Олар жаңа Конституция аясындағы саяси реформалар заң шығару жүйесін жаңғыртады деген пікірде. Шетелдік саясаттанушылар бұл өзгерістерді Қазақстанның институционалдық дамуы жолындағы маңызды қадам ретінде бағалап отыр.
Куршад Зорлу, Әділет және даму партиясы бас төрағасының түркі мемлекеттерімен байланыстар жөніндегі орынбасары:
Құрылтай атауының өзі біз үшін ерекше маңызға ие. Бұл атаумен аталатын парламент әлемде тек Қазақстанда ғана болады. Өзгеріс өкілді билік институттарының дамуына жаңа серпін береді.Ең бастысы, Қазақстандағы тұрақтылық, қоғамдық келісім және институционалдық дамудың маңызы өте зор. Біз бұл бастаманы дәл осы бағыттағы маңызды әрі берік қадам ретінде бағалаймыз.
Ахмед Мустафа, саясаттанушы:
Бұл сайлаудың басты ерекшелігі – жаңа Конституцияға сәйкес заң шығару жүйесінің өзгеруі. Екі палаталы Парламенттің орнына партиялық тізіммен сайланатын 145 депутаттан тұратын бір палаталы Құрылтай құрылады. Мұндай өзгеріс заң қабылдау процесін жеңілдетіп, артық бюрократиялық кедергілерді азайтуға және шешім қабылдауды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00
МӘМС қаражатын қорғаудың жаңа жүйесі енгізіледі
06.08.2026, 19:58