ШҚО-ның бірнеше ауданында құрғақ шөп жанып жатыр
Шығыс Қазақстан облысында алапат өрт. Зайсан, Алтай, Ұлан және Глубокое ауданында құрғақ шөп жанып жатыр. Ал Өскемен қаласында саяжай мен жеке үйлер және кейбір коммерциялық нысандар жанып кетті. Өңірдегі өрт сөндірушілерге кешеден бері 60-қа жуық шақыру түскен.
Олжас Керейхан, тілші:
Айтып келмейтін алапат өрт әлі толық сөнген жоқ. Қурап тұрған шөп тұтанған соң сөндіруге дес бермей жатыр. Кешден бері тоқтаусыз соқан қара боран, жағдайды мүлде қиындатып жіберді. Қазір Ұлан,Зайсан,Күршім,Алтай ауданындағы өрт әлі толық сөнген жоқ. Дәл қазірге дейін 2000 гектардай жер жанып кеткен. Өрттің нақты аумағы әлі толық анықталған жоқ. Жалпы әр аудандағы өрттің көлемі әр түрлі. Ең ауқымдысы Ұлан ауданында. Бір ғана Борсақ ауылы аумағында 600 гектар жер жанып кетті. Тілсіз жаумен күреске жалпы облыста 120 техника мен 800-ге жуық адам жұмылдырылды. Тек өрт сөндірушілер емес орман шаруашылығы мамандары және қорғаныс министрлігінің сарбаздары да көмектесті. Бір МИ-8 тікұшағы да тартылды. Төтенше жағдай қызметі таратқан ақпарат бойынша өрттен ешкім зардап шекпеген. Ауқымды өрттің көбі иен далада. Иә, Өскеменде таңға жуық аздап жауын жауды. Бұл жалынды толық сөндірмесе де өрттің өршуіне септігін тигізді. Өткен түнде Өскеменің шетіндегі Согра шағын ауданында қу шөп өртенді. Жел үрлеген жалын лезде таралып сол маңдағы спорттық құрал сақтайтын қойма мен жеке үйді де шарпыған. Қазір сол нысанға қанша шығын келгені есептеліп жатыр.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Астана Опера» театрында Вердидің «Травиатасы» сахналанды
06.04.2026, 13:08
Тараздықтар 10 мың түп ағаш екті
06.04.2026, 13:07
58 мың Hyundai Palisade кері қайтарылды
06.04.2026, 13:06
Трамп Иранның электр станциялары мен көпірлерін қиратпақшы
06.04.2026, 13:05
Ақтаудан жер сілкінеді деген ақпарат жалған
06.04.2026, 13:04
Жол апатына ұшыраған жұмысшылардың халі орташа
06.04.2026, 13:03
Атырауда 7 жастағы оқушыны көлік қағып кетті
06.04.2026, 13:02
Алматы облысында үй тонайтын біренше топ ұсталды
06.04.2026, 13:01