Путин өзара сауданы ұлттық валюталармен жасауға шақырды
Жиында Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев те сөз сөйледі. Ол қатысушылар назарын Қарабақта болған қақтығысқа аударды. Оның сөзінше, Әзербайжан әлемдегі ең көп мина қойылған елдің бірі. Армения оккупация кезеңінде аймаққа 1 млн жарылғыш зат қойып кеткен деп мәлімдеді. Екінші Қарабақ соғысынан кейінгі 2 жылдың ішінде 250 адам осы миналарға түсіп жараланған немесе мерт болған. Мамандардың есебіне сәйкес, бұл мәселені шешу үшін Әзербайжан еліне 25 миллиард АҚШ доллары және 30 жыл уақыт керек екен.
Ильхам Алиев, Әзербайжан республикасының президенті:
Бүгінде Әзербайжан Қарабақ жерінде ауқымды құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар аймақтан көшуге мәжбүр болған азаматтарды қайта қоныстандыру бағдарламасын қабылдадық. Бұл жобаны біз «Ұлы көш» деп атадық. Халқымызың 30 жыл бойы шеккен зардабына қарамастан біз Арменияға өзара территориялық тұтастығымызды мойындауды көздейтін бейбіт келісім ұсындық.
Ал Ресей Президенті Владимир Путин бүгінгі кездесу жаһандық саясат пен экономикадағы үлкен өзгерістер аясында өтіп жатқанын айтты. Әлем шын мәнінде көп полярлы болып келеді, осы ретте Азияның рөлі өте маңызды дейді ол. Оның сөзінше, өңірде ашаршылық пен әлеуметтік мәселелер өзекті болып барады. Осы ретте Ресей тарапы сауда-саттыққа кедергі келтіретін экономикалық кедергілерді алып тастау керек деген пікірде.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:
Бірінші қадам ретінде біз өзара есеп айырысуда ұлттық валюталарды белсендірек пайдалануды дұрыс деп есептейміз. Мұндай шаралар мемлекеттеріміздің қаржылық егемендігін нығайтуға, ішкі капитал нарықтарын дамытуға және аймақтық экономикалық интеграцияны тереңдетуге ықпал ететіні сөзсіз. Жалпы алғанда, кездесудегі бірлескен жұмысты жақсы дамып келе жатқанын айта аламын. Ресей осы кездесуге қатысқан барлық елдермен ынтымақтастықты дамытуды жалғастырады. Біз төраға ретіндегі Қазақстанның бастамаларын қолдаймыз.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13