Қызылордада қала күні бір ай тойланып, дүбірлі думан бүгін гала-концертпен түйінделді
Қызылордада қала күні бір ай тойланып, дүбірлі думан бүгін гала-концертпен түйінделуде.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Екі ғасырлық тарихы бар Қызылорда қаласының туған күнін алтын күзде тойлау дәстүрге айналған. Ырысты-күрішті өлкенің еңбеккерлері бүгін егін науқанын аяқтап, мол өнімге кенелгенін де айта кеткен жөн. Міне, бүгінгі думанды шарада еңбек ұжымдарына құрмет көрсетіліп, түрлі сала өкілдері елдің алдында шерумен жүріп өтті. Жалпы Орталық стадиондағы гала-концертке 10 мыңнан астам көрермен келеді деп болжануда. Қазір де жиналған халықтың қарасы қалың. Тұрғындар керемет көңіл-күйге бөленіп, мерекенің лебі сезіліп тұр.
Қала тұрғыны:
Көпшілік биыл мемлекеттік мерекелердің күнтізбесіне енген «Республика күніне» орай жасалған тамаша тарту болды деп те жатыр. Сондай-ақ, шара басында қаланың дамуы мен өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан бірқатар ел азаматтары Қызылорда қаласының «Құрметті азаматы» атағымен марапатталды. Ал гала-концертте жергілікті өнерпаздармен бірге қазақ эстрадасының жұлдыздары да ән шырқап, Сыр елі ән мен жырға бөлінбек.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53