Алматыға Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының шаруалары өнімдерін әкелді
Алматыға Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының шаруалары өз өнімдерін әкелді. Республика күніне орай ұйымдастырылған жәрмеңкеге әкелінген тауарлардың жалпы салмағы 200 тоннадан асады. Қала тұрғындарына бал, ет, сүт өнімдері сияқты 50-ден аса азық-түлік түрі ұсынылды.
Алматы әкімдігі мұндай жәрмеңкелерді тұрақты өткізуді дәстүрге айналдырған. Бұған дейін бірнеше өңірдің шаруалары өз өнімдерін саудалады.
Ерлан Омаров, қалалық Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы басшысының орынбасары:
Шығыс Қазақстанның балы дәмді, сапасы жақсы болғандықтан бал жақсы өтіп жатыр. Және еті жақсы болғандықтан осы екі түрі халықтың арасында көп өтуде.
Жәрмеңкеге әкелінген азық-түлік түрлерінің бағасы қолжетімді. Қала нарығындағы бағадан 20 пайызға арзан, дейді шаруалар.
Тұрсынхан Базарбаев, Қатонқарағай ауданы шаруаларының өкілі:
Балдың бір келісі – 2500 теңгеден, сиыр еті – 2300 теңгеден, жылқының еті – 2500 теңгеден саудаланып жатыр.
Бағасына көңілі толған қала тұрғындары экологиялық таза өнімдерді шаруалардың өздерінен сатып алуға асықты. Түске дейін 2000-ға жуық тұтынушы сауда жасап, кәсіпкерлердің сапалы өніміне разы болды.
Сағат Көдеков, қала тұрғыны:
Біздің базарларда 300, 3500, 4000 мың дейді. Мына жерде 2500-ден, 2000 мыңнан. Қойдың етін 2000 мыңнан сатып жатыр.
Гүлшат Рымбаева, қала тұрғыны:
Азық-түлік өте сондай бағасы ұнамды. Бізге ыңғайлы. Сондықтан Алматы қаласында осындай жәрмеңкелерді жиі ұйымдастырып тұрса деймін.
Ауыл шаруашылығы жәрменкесі ертең де таңғы 8:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін өтеді. Қала әкімдігі алдағы уақытта тұрғындарға Түркістан облысы шаруаларының өнімін ұсынуды жоспарлап отыр.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрғақ саумал шетелге экспортталуы мүмкін
20.12.2025, 17:53
72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды
20.12.2025, 17:50
Табысы аз азаматтарға МӘМС жарнасы жергілікті әкімдіктен төленеді
20.12.2025, 17:47
209 млн теңге жұмсалған ауызсу жобасы аяқсыз қалды
20.12.2025, 17:44
Кәріз суын тазартатын жоба жүзеге аспай қалды
20.12.2025, 17:40
Нью-Делидің ластанған ауасы су шашу тәсілімен тазартыла бастады
20.12.2025, 17:37
Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды
20.12.2025, 17:26
Полиция бейтаныс адамның сөмкесі мен сәлемдемесін тасымалдаудан бас тартуға үндейді
20.12.2025, 17:16