Биыл Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл
Халық үшін аянбай еңбек етіп, білікті басшы, өрелі тұлға атанған, Алаш аманатына беріктік танытқан Асанбай Асқаровтың туғанына биыл 100 жыл. Осыған орай Шымкентте оның мұрасы мен тарихи тұлғасын тануға арналған республикалық конференция өтті.
Біліктілік пен зиялылық, тазалық пен адалдық және халқын шексіз сүю. Ел тізгінін ұстаған азаматтың бойында осындай үш қасиет болуын өсиеттеген Асанбай Асқаров басшылық қызметте осы ұстанымына берік болды.
Ол өңірді басқарған жылдары елімізде өндірілетін фосфор, цемент, өсімдік майының тек жартысынан астамы Шымкентте шығарылды. Сондай-ақ пресс автомат станоктары мен шина жасау, мақта өсіру түгелдей өңір үлесінде болды. Облыста 180-нен астам өндіріс орны тоқтаусыз жұмыс істеді.
Сексенбай Тұрысбеков, Еңбек ардагері:
Адамгершілік, таланттылық, талап қоя білу, жан-жақты ізденімпаз адам екенін көріп шіркін-ай мен де менің замандастарым да бұл кісінің өміріне, тірлігіне қызығып жүрді.
Іскерлігімен, адами болмысы, кісілік келбетімен көпке үлгі болған Асқаров шығармашылықта да өзіндік қолтаңбасын қалдырған дара тұлға. Оның әдебиет пен ғылымдағы еңбектері «Тағдыр», «Жұмақ пен тозақ жырлары», «Көзқарас», «Ұлы Тұранның ұлдары» кітаптары арқылы бүгінге жетіп отыр.
Жеңісбек Мәуленқұлов, А. Асқаровтың көмекшісі (1982-1984 ж.ж):
Бұл кісі тек басшы емес, ақын да, жазушы да, суретші де, тарихшы да. Қайбір сала болмасын өз деңгейіне жеткізіп, барлығын айтатын тұлға.
Шымкент қаласындағы орталық көшелердің бірі және дендросаябақ Асанбай Асқаров есімімен аталады. Ескерткіші мен мұражайы бар. Ақиқатшыл адалдығымен, биік пайым парсатымен ел есінде қалған қайраткерді ұлықтау жыл соңына дейін жалғасын таппақ.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13