Қазақ қызы түсірген фильм Түркия кинотеатрларында көрсетіле бастады
Түркия кинотеатрларында қазақстандық Надира Ахонова басты рөлде ойнаған «Ұят» фильмінің көрсетілімі басталды. Психологиялық драма жанрындағы туынды Ыстамбұл қаласында түсіріліген. Картина түрік және ағылшын тілдерінде. Сондай-ақ жерлесіміз осы фильмнің продюсері. Бұған дейін голливудтық бірнеше кинокомпаниямен жұмыс істеген Надираның Семей полигоны туралы бір жобасы әйгілі «Эмми» сыйлығын алған. Бұдан бөлек, жерлесіміз америкалық HBO компаниясымен бірге, Әлем чемпионы Геннадий Головкин туралы да деректі фильм түсірген. Қазір продюсер Түркияда тарихи сериал түсіруге дайындалып жатыр. «Ұят» фильмі алдағы уақытта өзге елдерде де көрсетіле бастайды.
Кайхан Башоғлу, фильмнің режиссері:
Фильмді Ыстамбұлда шамамен 3 апта түсірдік. Кәсіби бір команда құрдық. Түрік, қазақ, ағылшын актерлары ойнады. Надира ханым әрі түсірілімге қатысты, әрі киноға дайындық кезеңінде көп көмек көрсетті. Алдағы уақытта фильмді бірқатар халықаралық кинофестивальдерге жіберу жоспарда бар.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05