Алматыда «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында семинар-тренингтер өтіп жатыр
Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде семинар-тренингтер өтіп жатыр. Алматы қалалық «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында ұстаздар география, жаратылыстану ғылымдарынан бастап, ғарышты игеруге дейінгі салаларда жұмыс істеп жүрген мамандардың пікірін тыңдап, тәжірибе жинақтады.
Жобаның басты мақсаты – қоғамда ғылымға деген қызығушылықты арттыру. Сондай-ақ, әлемдік деңгейдегі сапалы ғылыми контенттердің қазақ тіліндегі нұсқасын кеңейту. Мұғалімдерге арналған семинарлар бұған дейін Астана және Орал қалаларында өткен болатын.
Қайсар Нұрлыбаев, "Өрлеу" АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша кәсіби даму институты директорының орынбасары:
Алдағы уақытта тек қана биология ғана емес, барлық пәндер бойынша кездесулер өткізсек деп отырмыз. Біліктілікті арттыру курстарына келген кезде мұғалімдер авторлармен кездесіп, ресурстарды қалай қолдану керектігін үйретсек деп. Қазір қала бойынша 25 мұғалімді қамтып отырмыз.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Таза Қазақстан» жайлы ашық сабақ өтті
18.09.2026, 13:20
Жапонияда Азия ойындарының ашылу рәсіміне дайындық аяқталып қалды
18.09.2026, 13:17
Ақтөбе облысында екі жыл ішінде 39 ауыл газға қосылды
18.09.2026, 13:12
Қазақстан инвестиция тартуда жаңа тәсілге көшті
18.09.2026, 13:09
ЖИ ғылымға жүйелі енгізіледі
18.09.2026, 13:06
Тараздық ұстаз 16 мың кітап оқыған
18.09.2026, 13:03
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 млн теңге беріледі
18.09.2026, 13:00
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09