Ақтөбе облысы Кенқияқ аулының тұрғындары газдың иісіне тұншығып отыр
Ақтөбе облысы Кенқияқ аулының тұрғындары газдың иісіне тұншығып отыр. Белгілісі мұнай компанияларына тиесілі ұңғыманың бірінен ақау шыққан.
Ауыл тұрғындары қолқаны қабатын иістен дем алу мүмкін еместігін айтады. Кейбірінің аурулары асқынған. Тіпті елді мекенде орналасқан дүкендердің сатушылары азық-түліктің беттерін жауып қоюға мәжбүр болған. Облыстық Экология департаментіне "Кеңкияқнефть" кен орнына тиесілі ұңғымада мұнай аралас сұйықтықтың ағып жатқаны туралы хабарлама түскен. Қазір ақау шыққан жерді жөндеп жатыр.
Тұрар Қожанов, облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:
Өлшеу барысында 3168 шаршы метр жер ластанғандағы және №797 ұңғымадан мұнай аралас су ағып жатқаны анықталды. Сонымен қатар «Ақберен» ЖШС авария салдарын жоюмен айналысып жатыр. Департамент тарапынан Ақтөбемұнайгаз АҚ-на жоспардан тыс экологиялық тексеру тағайындалуда.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53