Риддерде 22 мың отбасы жылусыз отыр
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында апат болып, 22 мыңнан аса абонентке жылу беру азайтылды. Жүйедегі сорғы істен шығып, №1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты жағдайда ажыратылды.
Салдырынан орталық құбырлардағы жылудың температурасы +39°С дейін төмендеген. Қалыпты ыстық 70 градустан кем болмауы тиіс. Әлеуметтік нысандар да салқындап кеткен.
Сондықтан бірінші тоқсанның каникулынан соң алғашқы сабақты оқушылар онлайн бастады. Ал жылыту орталығында шыққан ақауды тез қалпына келтіру үшін облыс орталығындағы Согра және Өскемен ЖЭО, «Өскемен жылу желілері» мамандары келді.
Қазір ақау шыққан қозғалтқышты ауыстыру, іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Олжас Керей
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 5 трлн теңгеден асты
19.08.2026, 13:36
ЖИ орталығында алғаш рет халықаралық форум
19.08.2026, 13:23
Қытай қайта қонатын зымыранды сынады
19.08.2026, 13:20
29 штат Meta компаниясын сотқа берді
19.08.2026, 13:17
27 мың талапкер тамыз ҰБТ-сын тапсырды
19.08.2026, 13:15
Қарағандыдағы 5 мыңнан аса үйге газ қосылады
19.08.2026, 13:12
Әлеуметтік маңызы бар 11 ауру белгісі болса, тегін қызмет көрсетіледі
19.08.2026, 13:09
ТМД байқаушылар миссиясы сайлауалды жұмысқа оң баға берді
19.08.2026, 13:06