Басты Жаңалықтар Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 5 трлн теңгеден асты

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 5 трлн теңгеден асты

 Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 5 трлн теңгеден асты

2026 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанда 5 061,1 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары орындалып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға өсті.

Құрылыс жұмыстарының ең үлкен үлесі автомобиль жолдары, теміржолдар мен метролар құрылысына 24,7%, тұрғын емес ғимараттарға 21,4%, тұрғын үйлер құрылысына 13,4% тиесілі.

Құрылыс жұмыстарының 90,1%-ын жеке құрылыс ұйымдары, 9,2%-ын шетелдік, 0,7%-ын мемлекеттік ұйымдар орындаған.

Өңірлер арасында құрылыс көлемінің ең жоғары өсімі – Ұлытау облысында 3 есе өсім тіркелген. Сондай-ақ Қызылорда, Павлодар, Атырау, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында, Алматы қаласында айтарлықтай өсім байқалып отыр.

Қаңтар-шілде айларында елде 12,3 млн шаршы метрден астам жаңа нысан пайдалануға берілген. Оның ішінде 9,7 млн шаршы метрі тұрғын үйге тиесілі. Тұрғын үй құрылысының көлемі бір жылда 3,9%-ға артқан.

Бұдан бөлек, білім беру және денсаулық сақтау саласында 32 мектеп, 32 мектепке дейінгі ұйым және 6 амбулаториялық-емханалық нысан іске қосылған. Ауруханаларда қосымша 120 төсек-орын пайдалануға берілді.
Толығырақ оқу


Бөлісу