Ақмола облысында жылу маусымы басталғалы өрт көбейді
Ақмола облысында жылу маусымы басталғалы өрт көбейді. Тілсіз жаудың 50 шақты дерегі тіркеліп, бір адам көз жұмған. Шығын көлемі 20 миллион теңгеге жуықтайды. Соңғы бір аптада бірнеше ауылда жер үйлер өртенді.
Мамандар өрттің көбеюіне пештердің талапқа сай келмеуі себеп дейді. «Электр сымдарының тұйықталуы да қайғылы жағдайға әкеледі. Түсіндіру жұмыстары жүргізілсе де, тұрғындар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға құлықсыз», - дейді мамандар.
Аймақта 8 мыңдай тұрмысы төмен отбасы есепке алынған. Олардың үйіне көмірқышқыл газын анықтайтын құрылғы орнату жүріп жатыр. Сондай-ақ мұржаларды тазалау бойынша көмек көрсетіледі.
Нұрлан Атығаев, Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:
Тұрғындар жылу жүйесін, пештерді қысқа дұрыс дайындамайды. Ал оның салдары ауыр болып жатады. Сондықтан тұрғындарға пеш жаққанда қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 5 трлн теңгеден асты
19.08.2026, 13:36
ЖИ орталығында алғаш рет халықаралық форум
19.08.2026, 13:23
Қытай қайта қонатын зымыранды сынады
19.08.2026, 13:20
29 штат Meta компаниясын сотқа берді
19.08.2026, 13:17
27 мың талапкер тамыз ҰБТ-сын тапсырды
19.08.2026, 13:15
Қарағандыдағы 5 мыңнан аса үйге газ қосылады
19.08.2026, 13:12
Әлеуметтік маңызы бар 11 ауру белгісі болса, тегін қызмет көрсетіледі
19.08.2026, 13:09
ТМД байқаушылар миссиясы сайлауалды жұмысқа оң баға берді
19.08.2026, 13:06