Елімізде 6 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылуы мүмкін
Елімізде 6 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылуы мүмкін. Қазір Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі олардың қызметтерін тексеріп жатыр. Бұған азаматтар тарапынан шағымның және проблемалы несиелердің көбеюі себеп. Агенттік төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахмановтың айтуынша қазірдің өзінде шағын несие беретін 6 ұйымның екеуін лицензиясынан айыруға негіз бар дейді. Өйткені мөлшерлемені негізсіз көтеру секілді фактілер анықталған. Айта кетейін елде 430 мыңнан астам адам микроқаржы ұйымдарына берешегін төлей алмай, 90 күннен кешіктіріп жіберген. Олардың қарызы 70 миллиардтан асады.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00