Алматыда екі автобус соқтығысқан кезде зардап шеккен 9 адам ауруханада жатыр
Алматыда екі автобус соқтығысқан кезде зардап шеккен 9 адам ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, барлығының жағдайы жақсы. Ал полиция қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптамалар тағайындады.
Бейнабақылау камерасына түсіп қалған жол-көлік оқиғасына талдау жасалды. Әзірге белгілісі, қоғамдық көліктің 35 жастағы жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп, басқа автобусқа соқтығысқан және жол шетінде тұрған жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. Оқиға орнында 37 жастағы ер адам көз жұмды.
Ал медициналық көмекке жалпы саны 21 адам жүгінген.
Ләйлә Иманғалиева, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:
Бүгінгі таңда жол-көлік оқиғасы салдарынан 9 адам ауруханаға жатқызылды. Жағдайлары орташа тұрақты. Көбінің диагнозы мидың шайқалуы, қолдары жараланған. Ешқандай науқас жансақтау бөлімінде жатқан жоқ.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Таза Қазақстан» жайлы ашық сабақ өтті
18.09.2026, 13:20
Жапонияда Азия ойындарының ашылу рәсіміне дайындық аяқталып қалды
18.09.2026, 13:17
Ақтөбе облысында екі жыл ішінде 39 ауыл газға қосылды
18.09.2026, 13:12
Қазақстан инвестиция тартуда жаңа тәсілге көшті
18.09.2026, 13:09
ЖИ ғылымға жүйелі енгізіледі
18.09.2026, 13:06
Тараздық ұстаз 16 мың кітап оқыған
18.09.2026, 13:03
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 млн теңге беріледі
18.09.2026, 13:00
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09