Ахмет Байтұрсынұлының Ленинге жазған үш бірдей хаты табылды
Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының Ленинге жазған 3 бірдей хаты табылды. Бұл туралы Алматыда өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан отандық ғалымдар мәлімдеді.
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған жиында қоғам қайраткерінің еңбек жолы жайлы шетел және қазақстандық зерттеушілер жазған 12 кітаптың тұсауы кесілді. Ғалым реформатордың Владимир Ленинге жазған хаттары осы кезге дейін көпшілікке беймәлім болған мәліметтерді, тың деректерді зерттеуге сеп болады дейді, жиын қатысушылары.
Кенжехан Матыжанов, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры:
Осы үш мақаланың өзінде ғана қоғамдық, әлеуметтік жағдайға деген ұлттық көзқарасын айқын көруге болады. Бүкіл әлемдегі теңдік мәселесі. Большевиктердің келген кездегі ұраны мен оның істері бір-біріне сәйкес келмейтінін Ақаң ашып көрсетеді. Сол кездегі геосаясатты Ақаңның мұрасымен қайта қарауға мүмкіндік туады деп ойлаймын.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08