Батыс Қазақстанда мал ұрлаған төрт күдікті ұсталды
Батыс Қазақстан облысында соңғы екі жылда мал ұрлығымен айналысқан төрт адам ұсталды. Күдіктілер Самара-Шымкент тас жолының бойында Теректі ауданы Подстепный кентінің маңында қолға түскен.
Олардың көлігінен Бекей ауылынан ұрланып, сойылған жылқы табылды. 42,34 және 37 жастағы төрт азамат соңғы екі жылда Ақжайық, Казталов және Теректі аудандарының аумағында 10 рет мал ұрлағандарын мойындады.
Сондай-ақ тергеу барысында бір компанияның кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасағандарын да айтқан. Күдіктілер Теректі ауданы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
19.08.2026, 10:27
Ауылға 400-ге жуық отбасы қоныс аударған
19.08.2026, 10:10
Құлсарыда тұрғын үйлер жөнделді
19.08.2026, 10:08
Боливияда қалың қар түсіп, төтенше жағдай жарияланды
19.08.2026, 10:06
Шымкенттке 1200-ге жуық ата-ана балаларының беймезгіл жүрісі үшін жауапқа тартылды
19.08.2026, 10:05
Израиль әскері Сирияның Идлиб провинциясына шабуыл жасады
19.08.2026, 10:05
Құрылтай сайлауы – Қазақстанның демократиялық дамуындағы маңызды қадам
19.08.2026, 10:03
6 мың тәуелсіз байқаушы дайындықтан өтті
19.08.2026, 10:02