Сыр өңірінде сайлаушылар белсенді
Сыр өңірінде дауыс беру процесі басталғалы бір сағат өтті. Қазір аймақта 373 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Жалпы өңірде 482 мыңнан аса сайлаушы бар.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Мен тұрған №263 сайлау учаскесінде адамдарың легі өте жақсы. Демалыс күніне қарамастан тұрғындар таңсәріден еліміз үшін маңызды саяси науқанға атсалысып, өз таңдауын жасап жатыр. Жаңа облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та көппен бірге дауыс берді. Жалпы осы учаскіге қарасты аумақта 2900 жуық сайлаушы тіркелген. Ал ең қарт, ең жас және ең бірінші келген адамға кәдесыйлар берілді. Солардың бірі 90 жастағы қаламыздың қарт тұрғыны Бәкір Ысқақов ақсақал дәл қазір менің жанымда тұр.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Сондай-ақ келушілерге мұнда бауырсақ, қымыз-шұбат ұсынылды. Түрлі тәттілер мен ыстық шәй ұйымдастырылып, сайлауға келген тұрғындар дәм ауыз тиіп, керемет көңіл-күйге бөленуде. Жалпы саяси науқан қызу жүріп жатыр. Ал дауыс беру процесін тәуелсіз және кандидаттардың сенімді өкілдері байқаушы ретінде бақылап отыр. Ешқандай заң бұзушылық әрекет тіркелген жоқ,-дейді комиссия төрағасы.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15