Қызылордада сайлаушылардың 60% дауыс берді
Сыр өңірінде саяси науқан түс ауа қыза түсті. Осы уақытқа дейін сайлаушылардың 60 пайызға жуығы таңдауын жасап үлгерген. Әсіресе қала тұрғындарының белсенділігі жоғары.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Сайлау барысынан ақпарат әр сағат, әр минут сайын өзгеріп жатыр. Мәселен, мен тұрған Серғали Толыбеков атындағы №3 IT-мектеп лицейінде екі бірдей сайлау учаскесі орналасқан. Мұнда сайлаушылардың басым бөлігі түске дейін дауыс беріпті. Десе де, түс ауа келіп жатқан адамдар көп. Бұл учаскенің ерекшелігі тұрғындарды роботтар қарсы алып, жөн сілтесе, волонтерлар аниматор киімдерін киіп, саяси науқанға ата-анасымен еріп келген балалардың көңілін аулап, сайлау мерекеге ұласып жатыр.
Ләззат Әбенова, №200 сайлау учаскесінің төрағасы:
Біздің сайлау учаскеміз қала орталығында орналасқан. Сонан да болар, сайлаушылардың қатысу белсенділігі жоғары. Ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі болғандықтан, сайлаушыларымызды мектеп кіреберісінен робот қарсы алды. Келушілермен сұқбаттасып, жол нұсқады. Жалпы, дауыс беру орнында барлығы заңға сәйкес өтіп жатыр. Ешқандай заңбұзушылық тіркелмеді.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Жалпы облыс бойынша тіркелген 482 мың сайлаушының қазіргі таңда 285 мыңнан астамы өз таңдауын жасаған. Яғни көрсеткіш 60 пайызды құрайды. Ал түске дейін аймақтағы 16 жабық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталып, нәтижесі облыстық сайлау комиссиясына берілген.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15