Қызылорда облысында қатты дауылдан мектептің шатыры ұшып кетті
Қызылорда облысы Жалағаш ауданында қатты дауылдан мектептің шатыры ұшып кетті. Екі күннен бері алапат жел соғып, екпіні секундына 28 метрге жеткен.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Сыр өңірінде табиғат тосын мінез танытып тұр. Кешелі бері қатты желдің әлі де екпіні басылар емес. Дауылдың салдарынан Жалағаш ауданындағы №201 мектеп-лицейінің бір бөлігінің шатыры ұшып кетті. Абырой болғанда, жексенбі күні білім ордасында адам болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Дегенмен қауіп әлі сейілген жоқ. Сондықтан бүгін мектеп оқушылары түгел онлайн оқуға көшірілді. Ал ғимаратқа келтірілген шығын есептеледі.
Талғат Садықов, аудандық білім бөлімінің басшысы:
Ауа райының құбылуына байланысты біз енді шатырға шығып толық ақпарат мәліметтерін жасау мүмкін болмай тұр. Толық ақпараттар жасақталып облысқа сұраныс берілетін болады. Жел басылғаннан кейін оқушылардың толық оқуына мүмкіндік болады.
Төтенше жағдайлар департаменті мамандары тұрғындарды жел басылғанша сақ болуға шақырды. Ал облыстағы комуналдық мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15