Депутат: Жастардың көбі несиесін төлей алмай жүр
Студенттердің несие алғаны жайлы ата-аналарына хабарлап отыру керек. Бүгін Мәжілісте осындай бастама көтерілді. Депутат Александр Милютиннің айтуынша қазір жастардың көбі микрокредиттік ұйымдарға берешек. Алатын шәкіртақыларымен несиені өтей алмайды. Кейін оған үстемақы қосылады, шағын банктер ата-аналарына қоңырау шалып, қарызды өтеуді талап ете бастайды. Алайда ол уақытта несие мөлшері студенттің ғана емес, ата-ананың өзіне де ауырлық келтіреді дейді депутат. Сол үшін жастардың қарыз алғаны жайында ата-аналарына хабарлап отыру керек деген пікірде. Әрі әскерге аттанған жігіттердің несиесі болса, отан алдындағы борышын өтегенше оны шегере тұру қажеттігін айтты.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00