Елімізде АЭС салуы мүмкін компаниялар таңдалып жатыр
Ғалымдар елімізде 2035 жылы энергетикалық тапшылық болады деген болжам жасап отыр. Сондықтан болашақта Атом электр стансасын салу өте өзекті-деп санайды. Әзірге отандық мамандар дамыған елдердің технологияларын таңдап, ең тиімді тұстарын зертеп жатыр. Қанша қаржы қажет, қандай компаниямен әріптестік орнатуға болатынын қарастыруда. Бұл туралы Семейде өткен «Атом энергетикасы – Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігінің негізі» атты дөңгелек үстелде айтылды. Ғалымдардың айтуынша, АЭС арқылы энергетикалық қауіпсіздікті нығайтып, электр энергиясымен қатар жылу да өндіруге болады. Бұл соңғы кезде жиілеп кеткен төтенше жағдайларды болдырмауға да өте өзекті дейді олар.
Асуан Сиязбеков, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас менеджері:
Төрт вендорды қарастырып отырмыз. Ол Ресей, Корей елі, Қытай және француздық технологиялар. Барлығы тексерілген. Референттік блогы бар. Біз тек қана өзіміздің ойымыздан ғана технологияны таңдамаймыз. МАГАТЭ-нің алғышарттары бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07