Талдықорғанда іскер әйелдер өңірлік форумы өтті
Талдықорғанда іскер әйелдер өңірлік форумы өтті. «Өңірдің тұрақты дамуындағы әйелдер бастамалары» деп аталатын шараға бірнеше облыстан 400-ге жуық кәсіпкер қыз-келіншек қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Форум аясында «Құрақ көрпе» байқауы ұйымдастырылып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп қана қоймай, кәсіп көзіне айналдырған нәзік жандылардың төл өнімдері жұрт назарына ұсынылды.
Жиынның ресми бөлігінде аймақтардан келген іскер әйелдер кеңестерінің жетекшілері, ірі өндірісті тізгіндеп отырған ханымдар өз кәсіптерінің қыр-сырларымен бөлісті. Сондай-ақ Қазақстан мен Қырғыз елінің іскер әйелдері өкілдері өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Римма Салықова, Жетісу облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы:
Қазақстан бизнесінің 50 пайызында әйелдер қауымы жүр. Өңірлер бойынша да осындай көрсеткіш. Негізінен біздің қыз-келіншектер орта және шағын кәсіпкерлікте. Десе де бұл үлкен әскер. Ел экономикасына елеулі үлес қосып келеді. Қазіргі бізге керегі мақсат мүддемізді ортақ етіп бірге жұмыс істеу.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07