Аймаққа тартылатын инвестиция көлемі артпақ
Ақтөбе облысын дамыту, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашуға шетелден инвестиция көптеп тартылады. Бұл жайында елордада өткен «Ақтөбе инвестмент-2022» 7-ші халықаралық форумында айтылды. Шараның Астанада өтуі бекер емес. Ақтөбенің әлеуетіне қызығушылық танытқан елшіліктер мен инвесторлар көбіне елордада орналасқан. Форумға 37 мемлекеттің елшілігі мен ірі шетелдік бизнес өкілдері қатысты. Жыл сайын облыс арқылы тасымалданатын жүк көлемінің үлесі елдегі жүк айналымының 10 процентін құрайды. Сондықтан келешекте ірі көлік-логистикалық хаб құру көзделген. Инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріледі. Жалпы ұзындығы 18 шақырымды құрайтын теміржол дәлізі салынып, жаңа 11 станса ашылады.
Ералы Тоғжанов, Ақтөбе облысының әкімі:
Оның бәрі жай жобалар емес, нақты жүзеге асатын мүмкіндіктер толықтай негізі бар деп айтуға мүмкіндік бар. Сондай бір үлкен жобаның бірі - біздегі мына рельс және арқалық зауытының қасынан 800 метрлі теміржолдарды салуға осындай үлкен келісімшарттарға қол қоямыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00