Петропавлда үйлердің ауласын су басты
Петропавлда құбыр жарылып, кейбір тұрғын үйлердің ауласын су басты.
Апат 314 атқыштар дивизиясы көшесінде болған. Қазір оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Береке ықшам ауданы мен Жұмысшы кенті сусыз қалды.
Алексей Ларионов, қала тұрғыны:
Түнде иттің үргенінен оянып кеттім. Жертөле суға толып қалыпты. Сақтап қойған азық-түлік бар еді. Есік алдына шыға алмай қалдық. Қазір үйдің іргетасы суда тұр. Бүлініп қала ма деп алаңдаймын.
Жер үйлермен бірге маңайдағы қоймалардың да ауласына су кірген. Мамандардың айтуынша, негізгі құбырлардың бірі жарылған.
Аталған магистраль 13 жыл бұрын ғана жөнделген болатын. Қыс басталғалы Петропавлдағы құбырларда 3 ірі апат тіркелді.
Арман Сауытов, «Қызылжар су» ЖШС атқарушы директоры:
Диаметрі 800 мм екі құбырдың қосылған жері сөгіліп кеткен. Жөндеу жұмыстарына қажетті материалдардың барлығы бар. Қазір қысымды көтеруге күш салып жатырмыз.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15