Батыс Қазақстанда 12 ауылдың тұрғыны ауыз суға артық ақша төлеп отыр
Батыс Қазақстанда 12 ауылдың тұрғындары ауыз суды үш еседей қымбат бағамен сатып алуға мәжбүр. Себебі жергілікті әкімдіктер субсидия алуға құжаттарды уақытылы тапсырмаған. Соның кесірінен 17 мыңдай тұрғын судың текше метріне басқалар секілді 90 емес, 260 теңгеден төлеп отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Батыс су арнасы» коммуналдық мекемесінде 6,5 млн теңгенің қосалқы бөлшектері жетіспейтінін анықтаған. Ал 43 млн теңгеге сатып алынған су сорғысы пайдаланылмай, қоймада тұр. Мекеменің жаңа басшысы қандай бөлшектер жоқ екенін анықтап, сотқа шағымданған.
Ерқанат Ерланұлы, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бас маманы:
Ауыл тұрғындары ауыз суға жоғары баға төлемес үшін аудан әкімдіктері мен тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы басқармасы құжаттарға мониторинг жасауы керек. Ал «Батыс су арнасындағы» қосалқы бөлшектердің жетіспеуіне байланысты қызметтік тексеріс жүргізу қажет. Қымбат құрылғы алу, қоймада тиісті тауарлардың жетіспеуі - сыбайластық қатердің көрінісі. Бұл бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуына әкеп соғады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07