Ақтауда үйдің төбесіндегі бетон тұрғындарға қауіп төндіріп тұр
Ақтауда көп қабатты тұрғын үйдің төбесіндегі бетон тұрғындардың өміріне қауіп төндіріп тұр. Бұған дейін ғимараттың шатырындағы бетон бөлшектер екі рет желдету шахтасына құлап, қисайып қалған. Бірақ, жөндеу жұмыстары әлі жүргізілмеген. 300 пәтерлі тұрғын үйдің басқа да коммуналдық проблемасы көп. Үйдің кіреберісі мен дәлізінде 6 жыл бұрын жөндеу жұмыстары басталып, аяқсыз қалған. Кәріз жүйесі мен су құбырлары да әбден ескірген. Пәтер иелері кооператив басшысының сөзінше, жөндеу жұмыстарын жүргізуге ақша жоқ.
Мақсат Ануханов, қала тұрғыны:
Жоғарыда 2004 жылы 1 балка құлады. 2016 жылы тағы балка құлаған. 2 балкіге де жөндеу жұмыстарына акиматтан қаржы бөлінген. Бірақ жөндеу жұмыстары жасалмады.
Татьяна Вежновец, пәтер иелері кооперативінің төрайымы:
Бетон құрылысты жөндеуге бізге қаржы бөлінген жоқ. Жауапты мекеме белгіленді. Бірақ, ол жұмысты аяқсыз қалдырды. Әкімдікке хат жаздық, жауап болмады. Осы үйдің бізге 4 млн қарызы бар. Жөндеу жұмыстарына қаржы болмаған соң, тоқтатуға тура келді.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15