Петропавлда мұз қалашығын салуға 75 млн теңге бөлінді
Петропавл қаласында жаңа жылға орай мұз қалашықтарын салуға 75 млн теңге жұмсалмақ.
Бұл қаржыға шаһардың 5 ауданында сырғанақ, ашық мұз айдыны, түрлі ертегі кейіпкерлерінің 44 мүсіні жасалады. Аталған нысындар келер аптада тапсырылады. Ал қала тұрғындары мұз қалашығын салуға бюджеттен осындай көлемде ақша бөлінгенін құптамай отыр.
Әсем Айтолла, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:
Биылғы жылдың ерекшелігі жаңағы, диодтық шамдармен безендіріледі барлығы. Сондай-ақ бізде алғаш рет «Динамо» стадионында мұз айдыны жасалып жатыр. Ол жерде де тұрғындар қысқы уақытта уақыттарын өткізе алады.
- Мереке қарсаңында мұз қалашығын салған дұрыс қой, балалар көңіл көтереді. Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайды дегендей. Дегенмен 75 млн деген үлкен сумма. Қыс өтеді, одан кейін ол еріп кетеді.
- Дәл сол 75 млн теңгеге салынған қалашықты мүлде көргім келіп тұрған жоқ. Бұл біріншіден ысырап деп санаймын. Әрі өттім, бері өттім, бірақ бір сондай керемет ешнәрсе байқамадым.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15