Мақсат Жақау: Елімізде қаңтарға дейінгі, қаңтардан кейінгі көзқарас қалыптасты
Сарапшылар бұл саяси реформалар тиісті деңгейде жүзеге асса, нәтижесі де көп ұзамай көрінетінін айтады. Көктемде болатын Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау - соның бірі. Өйткені бұрынғыдай биліктік партия деген ұғым болмауы тиіс. Барлық саяси ұйымға тең мүмкіндіктер беріледі. Үкімет қайта жасақталады. Сол кезде Президент айтқан саяси жаңғыру толық жүзеге асады. Тіпті алдағы уақытта халық депутаттарды ғана емес, министрлерді де сайлауы мүмкін, - дейді «Апта»-ға сұхбат берген саясаттанушы Мақсат Жақау.
Мақсат Жақау, саясаттанушы:
Алдыңғы дамыған мемлекеттердің тәжірибесі осындай. Тек қана Парламенттің, халықтың алдында жауапты Үкімет қана үлкен-үлкен реформаларды жасайды. Өйткені ол тағайындалмалы емес, сайланбалы билік. Сондықтан осыған де жетеміз. Әзірге мықты Президенті бар, ықпалды Парламенті бар, жауапты Үкіметі бар деген идеямен жүрміз. Осының өзі көп жауапкершілікті беріп отыр. Ал егер келерде дұрыс демократиялық, саяси мәдениеті бар қоғам қалыптасып жатса сөзсіз демократиямыз әлі де жаңғыра береді. Сайланбалы принцип технологиясы ешқашан тоқтаған жоқ. Сондықтан алдағы уақытта Үкімет сайланбалы болып жатса, ол жерде дауыс берген партиялар өздерінің министрлер кабинетін жасап жатса, ол нұр-үстіне нұр. Егер кешегідей жүйе қалыптасса, мұндай пікір айталмас па едік. Ешқашан мұндай шындықпен бетпе-бет келмес едік. Сондықтан қазір қоғам өзгерді. Қаңтарға дейінгі көзқарас, қаңтардан кейінгі көзқарас қалыптасты. Осы көзқарас қалыптасып отырғанда мұны тек дамыта беруіміз керек.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15