Астанада Нұрғожа Ораздың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды
Бүгін ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрғожа Ораздың құрметіне орай, ескерткіш тақта орнатылды.
Нұрқожа Ораз солтүстік өңірлердің қазақ мәдениеті мен руханияттың іргелі ошағына айналуына сүбелі үлес қосқан қаламгер. 1963 жылы Қостанайдан Ақмолаға көшіп, «Тың өлкесі» газетінде қызмет етті. Бұл өңірде айтыс өнерін қайта түлетудің ұйытқысы болған. Бұл туралы естеліктерді бүгін зиялы қауым өкілдері, журналистер, Жазушылар одағының мүшелері, қаламгердің жақын туған туысқандары бөлісті.
Нұрғожа Нарымбетұлының қазақ әдебиетіне жасаған еңбегі зор. Ол «Шұғыла», «Дала демі», «Жауқазын шақ» сынды шығармалардың авторы. Жазушы бұл үйде 1985 жылдан бері тұрып, 2016 жылы дүниеден өтті.
Айман Қожахметова, жұбайы:
Мәдениет басқармасына алғысым шексіз, Жазушылар Одағына, барлығына алғысым шексіз. Қайтадан сөйлеп тұрғандай, қайтадан тірілткендей ағаларыңды. Енді еліміз тыныш болсын. Халқым жасай берсін. Азаматтар аман болсын. Осы ағаң жырлағандай, Еліміз көріктене берсін дейміз.
Ламбриан Топузидис
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07