БҚО-да жаңа жылда коммуналдық қызмет бағасы өспейді
Батыс Қазақстан облысында жаңа жылда коммуналдық қызметтердің бағасы өзгермейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департамент басшысы айтты.
Жылумен қамту кәсіпорны биыл тарифті көтеру туралы өтініш жіберген. Алайда былтыр мекеменің тұрғындардан артық төлем алғаны анықталып, өтініш қанағаттандырылмады. Сондай-ақ су, жарық, тауарлы газды тұтыну бағасы да биылғы межеде қала береді.
Гүлжаз Қазбекова, Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыстық департаментінің басшысы:
«Жайық жылу қуат» акционерлік қоғамының 100 млн 268 мың теңге мөлшерінде негізсіз пайда алғаны анықталып, оны халыққа өтеу үшін уақытша өтемдік тариф бекітілді. 1 Гиго/калория үшін, оның ішінде халық үшін қазіргі таңдағы қолданыстағы тариф – 3 458,37 теңге мөлшерінде бекітілді.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07