СҚО-да жалған құжат жасаған кәсіпкер сотталды
Солтүстік Қазақстанда жалған құжат жасап, 5 елді мекен тұрғындарының жерін кепілге қойған кәсіпкер сотталды.
Алаяқ Аграрлық несие корпорациясынан алған 600 млн теңгені жеке мақсатына жұмсаған. 2017 жылы Айыртау ауданындағы Бірлестік, Егінді-ағаш, Дәуқара, Светлый және Қарақамыс ауылының 800-ге жуық тұрғыны 42 мың гектар егістік пен жайылымдық жерден айрылып қалған.
Тергеу барысында «Жарқын-СК» серіктестігінің басшысы Молдашев жылжымайтын мүлікті кепілге қою мақсатында жалған хаттама жасап, құжатқа тұрғындардың атынан басқа біреулер қол қойғаны анықталды. Тіпті дүние салған, ауылдан әлдеқашан көшіп кеткен адамдардың да атынан да қол қойылғаны әшкереленді.
Михаил Гусьев, қалалық Сот төрағасы:
Молдашевты 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сондай-ақ 10 жылға дейін басқарушылық және материалдық жауапкершілігі бар қызмет атқара алмайды. Қаржылық және коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан айрылды.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15