Қарағандыда автобустарда жол жүру құны арзандайды
Қарағанды маңындағы 7 қалаға жүретін қоғамдық көлікте «Оңай» электронды төлем жүйесі енгізіледі. Күн сайын облыс орталығына Теміртау, Шахтинск, Топар, Шахан, Абай және Саран сынды қалалардан 16 мыңға жуық жолаушы қатынайды.
Енді жұрт инновациялық төлем жүйесінің игілігін көреді. Бұрын-сонды бұл маршруттар бойынша жолақысы 150-ден 190 теңгеге дейін болса, енді электронды жүйемен 80 теңге болады. Бүгінгі таңда автобустарда «Оңай» арнайы құрылғыларын орнату, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары басталып кетті.
Қазыбек Мақышев, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:
Электронды түрде төлем жасаған кезде бірыңғай 80 теңге тариф енгізу жоспарлануда. Ал егер қолма-қол ақшамен төлем жасалатын болса, онда бұрынғы тариф бойынша төлем сақталады. Бұл жүйе облыс орталығында оң нәтижемен жүзеге асып жатқанын білеміз. Облыс орталығы бойынша 96 пайызға дейін жол жүрулер электронды түрде жүзеге асуда.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада тамыз кеңесі өтті
18.08.2026, 13:20
Студенттер фермерлерге арналған цифрлық көмекші әзірледі
18.08.2026, 13:17
Трамптың рейтингі 33%-ға дейін төмендеді
18.08.2026, 13:15
Филиппинде мектепте болған атыстан оқушылар қаза тапты
18.08.2026, 13:10
Логистикалық компанияға ₸262 млн 600 мың айыппұл салынды
18.08.2026, 13:07
Егін ору: 2,6 млн гектардан дәнді дақыл жиналды
18.08.2026, 13:05
Мектептерге санитариялық бақылау күшейді
18.08.2026, 13:03
Биылғы оқу жылында жаңадан 47 мектеп ашылады
18.08.2026, 13:00