Алматыда 100 келі синтетикалық есірткі тәркіленді
Алматы полицейлері арнайы зертханада әзірленген, салмағы 100 келіден асатын синтетикалық есірткі тәркіледі. Өндіріс қаланың Алатау ауданындағы жеке үйлердің бірінде орналасқан.
Атап айтсақ, 32 жастағы тұрғын заңсыз тауарды өзі өндіріп, өзі саудасын жүзеге асырып келген. Есірткі сатушы арнайы іс-шара барысында ұсталды.
Тінту кезінде ол жерден өнімнің шикізаты, сатуға дайын синтетикалық есірткі және шыны ыдыс түріндегі инвентарь, сұйықтықтары бар канистрлер, түтікшелер, бөтелкелер, таразы мен электр пештері табылды.
Арнайы операция барысында есірткі зертханасы жойылды.
Дидар Аханов, қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары:
Күдікті зертхана жұмысын реттеп, онда бірнеше айдан бері синтетикалық мефедрон препаратын жасап келген. Ол интернет желісі арқылы жұмыс берушінің нұсқауларын орындап, қажетті шикізатты дайындап, жеткізіп отырған. Күдікті бұл қылмысқа қомақты ақы үшін барғанын айтады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада тамыз кеңесі өтті
18.08.2026, 13:20
Студенттер фермерлерге арналған цифрлық көмекші әзірледі
18.08.2026, 13:17
Трамптың рейтингі 33%-ға дейін төмендеді
18.08.2026, 13:15
Филиппинде мектепте болған атыстан оқушылар қаза тапты
18.08.2026, 13:10
Логистикалық компанияға ₸262 млн 600 мың айыппұл салынды
18.08.2026, 13:07
Егін ору: 2,6 млн гектардан дәнді дақыл жиналды
18.08.2026, 13:05
Мектептерге санитариялық бақылау күшейді
18.08.2026, 13:03
Биылғы оқу жылында жаңадан 47 мектеп ашылады
18.08.2026, 13:00