Ақтөбеде соңғы тәулікте 9 адамды үсік шалды
Ақтөбеде соңғы бір тәулікте 9 адамды үсік шалған. Олардың біреуі ауруханада ем алып жатыр. Аймақта соңғы 3 тәуліктен бері ауа температурасы минус 30-35-тен көтерілмей тұр.
Дәрігерлер көмегіне жүгінгендердің көбі құлағы мен саусақтарын үсітіп алған. Сондай-ақ мұзға тайып жығылып, жарақат алғандар да аз емес. Өткен 2 тәулікте осындай 34 дерек тіркелді. Бұл облыстағы жалғыз травматологиялық орталық. Аудан-ауыл тұрғындары да, шұғыл көмекке осы жерге жүгінеді. Мамандар, әсіресе қатты аязды күндері барынша сақ болу қажеттігін ескертеді.
Абзал Қадырбаев, травматолог-ортопед:
Көбіне көп саусақтары үсіп келген адамдар, қар аршып, қар аршыған соң саусақтары үсіген адамдар. Сосын әйел адамдар, кеңес беремін әйел адамдарға сырғаларын шешсін деп. Себебі аяз күндері металл болғасын тез салқындап, құлақтары үсіп кетіп жатыр әйел адамдардың.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15