ШҚО-да жылқы атқандар ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында тебінде жүрген жылқыны атып, етін базарға өткізіп жүрген ұрылар ұсталды. Полиция қызметкерлері Шешек асуында шамадан тыс жүгі бар автокөлікті тоқтатқан. Оның ішінде еш құжатсыз бөлшектенген жылқы еті шыққан.
Оған қоса полиция қызметкерлері мылтықты да байқап қалады. Күдіктілерді тергеп-тексере келе олар түн ортасында Ұлан ауданындағы Мамай батыр ауылы маңында өрістегі жылқыны атып алып, Өскемендегі базардың біріне апарып өткізбек болғандарын мойындаған.
Күдіктілер Ұлан ауданы аумағында бұрын да мал ұрлағандары анықталды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркияда интернет арқылы қылмыс істеген мыңнан аса адам ұсталды
16.09.2026, 20:10
«Отбасы банкке» аударылған зейнетақы жинағын сақтау мерзімі өзгерді
16.09.2026, 20:07
Қызмет көрсету саласының халықаралық нарыққа шығуы жеңілдеді
16.09.2026, 20:06
Кореямен серіктестік: Экономика мен технологияның жаңа кезеңі
16.09.2026, 20:05
Мемлекет басшысы Кореядағы қазақ этноауылына барды
16.09.2026, 20:05
Алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті
16.09.2026, 20:04
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 20:03
Еуропада жанармай қымбаттап, инфляция күшейді
16.09.2026, 20:02