«Елбасы туралы» заңның күшi жойылды деп тану туралы» заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының мүшелері сайланды
Сенат отырысында «Елбасы туралы» заңның күшi жойылды деп тану туралы» заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының мүшелері сайланды.
Депутаттар Владимир Волков, Сұлтанбек Мәкежанов пен Дүйсенғазы Мусин аталған комиссияның құрамына енді. Айта кетейік, күні кеше аталған комиссияның құрамына Мәжілістен Берік Бекжанов, Серік Ерубаев пен Ерлан Смайлов кірген болатын.
«Елбасы туралы» заңның күшi жойылды деп тану туралы» заң жобасы ертең палаталардың бірлескен отырысында қаралады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Ата Заңымызға енгізілген түзетулерге сәйкес, Парламент Конституциялық заңдарды палаталардың бірлескен отырысында қабылдайды. Жаңа тәртіпке сәйкес, палаталардың әрқайсысы бірлескен отырысқа дейін комиссияның құрамына енетін кандидатураларды және қосымша баяндама жасаушыны айқындауы қажет.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада тамыз кеңесі өтті
18.08.2026, 13:20
Студенттер фермерлерге арналған цифрлық көмекші әзірледі
18.08.2026, 13:17
Трамптың рейтингі 33%-ға дейін төмендеді
18.08.2026, 13:15
Филиппинде мектепте болған атыстан оқушылар қаза тапты
18.08.2026, 13:10
Логистикалық компанияға ₸262 млн 600 мың айыппұл салынды
18.08.2026, 13:07
Егін ору: 2,6 млн гектардан дәнді дақыл жиналды
18.08.2026, 13:05
Мектептерге санитариялық бақылау күшейді
18.08.2026, 13:03
Биылғы оқу жылында жаңадан 47 мектеп ашылады
18.08.2026, 13:00