Ақтауда жарылыстан зардап шеккен 2 науқастың жағдайы өте ауыр
Ақтауда жарылыстан зардап шеккен 2 науқастың жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер оларды аман алып қалу үшін қажетті медициналық шараның бәрін істеп жатыр. Ал, үшінші науқастың жағдайы тұрақты. Зардап шеккендердің үшеуі де Өзбекстан азаматы. Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше кешке қаладағы техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде тұрмыстық 6 газ баллоны жарылды. Салдарынан сол орталықта жұмыс істейтін 1 адам қайтыс болып, тағы 3 жұмысшы зардап шекті. Өрт сөндірушілер жойқын жарылыстың алдын алып, тағы 17 газ баллонды сыртқа шығарып үлгерген. Төтенше оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Самалбек Жұмағұлов, травматолог-дәрігер:
Бізге қызыл аймаққа 2 жағдайы ауыр науқас қелді. Біреуі 19 жастағы бала ол жансақтау бөлімінде. Біреуі 1972 жылғы бала да жансақтау бөлімінде. Екеуі де аппаратта. Екеуінің жағдайы ауыр 60-65 процент күйік шалған.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53