Президенттік жастар кадрлық резерві бағдарламасы биыл да жалғасады
Президенттік жастар кадр резерві бағдарламасы биыл да жалғасады. Бұл туралы Ұлттық арнаның «Бас тақырып» бағдарламасына сұхбат берген Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы айтты.
Дархан Жазықбаевтың сөзінше, осы арқылы жастардың мемлекеттік басқару ісіне араласуына зор мүмкіндік беріліп отыр. Құжатты қабылдау қыркүйек айында басталады. Ал бірінші және екінші лекте 350 адам іріктеуден өткен.
Бүгінгі таңда олардың 74 пайызы, яғни 258 адам лауазымды қызметтерге тағайындалды. Сонымен қатар аймақтарда да осы тәжірибе қолға алынып, өңірлік резервтер жасақталмақ.
Дархан Жазықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
Жастардың қазіргі таңдағы әлеуметтік лифті. Жастарды әкелу, тарту. Жастар өспей ме, көкейді теспей ме,-дейді қазақ. Сол секілді олардың жаңа бастамасы. Жаңа буын қалыптасып келе жатыр мемлекеттік аппаратта.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15