Сенат сайлауы: Маңғыстауда 119 мәслихат депутаты дауыс берді
Маңғыстауда Парламент Сенатының сайлауы заң талаптарына сай өтті.
Аймақта барлығы 133 депутат болса, саяси науқанға соның 119-ы қатысып, өз таңдауын жасады. Өңірде Сенат депутаттығына 3 адам үміткер ретінде тіркелген. Оның екеуі мемлекеттік қызметкер, біреуі жеке кәсіпкер. Сайлаудың өту барысын үміткерлердің сенімді өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қарап отырды. Жалпы, аймақта сайлау алды дайындық шаралары да, үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары да заң шеңберінде өткізілген.
Жаңбырбай Матаев, облыстық мәслихат депутаты:
Кім осы жеңіске жетеді, сол осы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, стратегиялық жоспардың аясында жұмыс жасап, республикадағы Парламент Сенатының қабырғасында заңдарға өзгерістер, толықтырулар енгізу бағытында үлкен біліктілік білдіреді деген үлкен сенімдемін.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
28.07.2026, 20:10
Ертең «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі басталады
28.07.2026, 20:07
Ертең «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
28.07.2026, 20:07
Желілерді жаңартуға 13 триллион теңге бөлінеді
28.07.2026, 20:05
Әлеуметтік желі арқылы заңсыз контент таратқан 9 стример жауапқа тартылды
28.07.2026, 20:05
Қайтыс болған адамның несиесі кімге жүктеледі?
28.07.2026, 20:05
Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавл қаласында орналасқан
28.07.2026, 20:04
Қарызды өтеу: Коллекторлардың қызметі өзгереді
28.07.2026, 20:04