Петропавлда адасқан жабайы жануарлар қала ішінде жүр
Бейнежазбаны қала тұрғындарының бірі түсіріп алған. 2022 жылы өңірде еліктер санағы жүргізілген болатын. Олардың басы 15 мыңға жеткені анықталды. Биыл өңірде еліктердің саны тағы да көбейгені байқалады. Олардың жол жиегінде тобымен жүрген түсірілімдер әлеуметтік желілерде жиі жарияланып тұрады. Мамандардың айтуынша, жабайы жануарлар Ресейден келген. Олардың нақты санын білу мақсатында ақпан айында тағы да түгендеу жұмыстары жүргізілмек. Көрші елді күзде қар жауып, қайта еріп, соңы аязға ұласқан еді. Сондықтан жердің беті қатып қалған. Еліктер мұндай жағдайда тебіндей алмады. Азық табу мақсатында олар қоныс ауыстыруға мәжбүр болған.
Олег Беспалов, СҚО Орман шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы:
Қазір қар қалың емес. Далада қорек жеткілікті. Әрі біз еліктерге қосымша азық береміз. Олар қалаға кездейсоқ келіп қалған. Адам мен көліктерден қорқуды білмейді.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15