Татарстанмен екіжақты ынтымақтастық, сауда айналымы артты
Былтыр Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда айналымы 5,8 пайызға өсіп, 700 млн долларға жуықтады. Енді екі тарап IT және жасыл технологиялар саласын дамыту бойынша ынтымақтастықты күшейтпек. Әсіресе мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, платформаларды жасап шығару, халықаралық алаңдарда тәжірибе алмасуға мүдделі. Қазандағы жоғары технологиялар бойынша IT паркі, Ресейдегі іргелі мекемелердің бірі. Заманауи технологиялар бойынша алда келе жатқан IT парк мамандары, Қазақстанмен бірлескен жобалардың санын арттырсақ деп отыр.
Алексей Таранов, Стартаптарды дамыту және инвестициялар жөніндегі сарапшы:
Қазақстанда IT саласын дамытуға барлық жағдай жасалған. Оған өзімнің көзім жетті. Әсіресе, заңнамалық тұрғыда мемлекет стартап жобаларға қолдау көрсетіп жатқаны қуантады. Біз қазақстандық әріптестермен үнемі байланыстамыз, ұқсас тұстарымыз көп. Сондықтан бірлесе жұмыс істесек, өмірге қажетті, қоғамға пайдалы жобаларды үзеге асырамыз.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Партиялар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы артып келеді
06.08.2026, 16:59
Талдықорғанда бір топ адам баспаналы болды
06.08.2026, 13:27
Ақмола облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 21 мүшесі сотталды
06.08.2026, 13:21
БҚО-да 232 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
06.08.2026, 13:18
Шымкентте үштегі бала терезеден құлап, мерт болды
06.08.2026, 13:15
Чилиде алапат су тасқынына қарсы күрес жалғасып жатыр
06.08.2026, 13:12
Қытай аумағына кіріп-шығу тәртібі өзгереді
06.08.2026, 13:09
Жамбыл облысында 7 жаңа сайлау учаскесі ашылды
06.08.2026, 13:06