Ауыл мектебінің ахуалы жақсарып келеді
Уақыт өткен сайын ауыл мектептеріне айрықша көңіл бөлініп келеді. Соның арқасында оқушылардың білім алуға деген ынтасы артып, заманауи мектептермен иық тіресе нәтиже көрсетіп жүр. Мәселен, Алматы облысындағы Абыхан Жексембеков атындағы білім мекемесі, барлық қажетті құрылғымен жабдықталып, заман талабына сай дәріс беріп отыр.
Түрген ауылындағы бұл мектеп 1994 жылы алғашқы қазақ орта мектебі болып ашылған. 2014 жылы күрделі жөндеуден өткен. Әр сынып тәжірибелік құралдармен, интерактивті тақтамен жабдықталған. Ұстаздар да біліктілігін арттырып, оқушыларға жаңа бағытта білім беруде.
Гүлбақыт Қасымжанова, А.Жексембеков атындағы мектеп директоры:
Жас ұстаздардың еңбегін тарату мақсатында аудандық, облыстық семинар өткізгелі отырмыз. Мемлекет тарапынан біздің мектепке физика, химия кабинеттері беріліп жатыр. Екі жас маман алдық. Негізінде ұжымның орта жасы 40-қа жетпейді.
Мектепте 600 оқушы білім алып, 60-тан аса ұстаз еңбек етеді. Білім алушылардың зейінін арттырып, қызығушылығын ояту мақсатында түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Бірі шахматтан жақсы нәтиже көрсетсе, енді бірі - мәнерлеп оқудың шебері.
Мәди Орынбетов, А.Жексембеков атындағы мектептің оқушысы:
Мектеп деген – білім кені, жыр кені,
Мектеп деген – ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген – тәрбиеші адамға,
Мектеп деген –даналардың мекені,
Оқушылардың спортқа деген қызығушылығы зор. Мәселен, мектеп құрамасы волейболдан аудандық, облыстық сайыстарда топ жарып, республика деңгейіндегі жарыстарда өнер көрсетіп жүр
Қуат Замзин, А.Жексембеков атындағы мектептің мұғалімі:
Оқушыларымыздың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруда мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетілуде. Осы бағытта материалдық-техникалық базамызда өте жоғары деңгейде.
Түрген ауылындағы Абыхан Жексембеков атындағы мектепте түрлі ғылыми конференциялар өткізу дәстүрге айналған. Мұғалімдер тәжірибе алмасып, біліктілігін арттыруда. Ұстаздар басты мақсатымыз – тәрбие мен білімді ұштастыру арқылы ұрпақ тәрбиелеу дейді.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09
Азия ойындарының әзірлігі аяқталып келеді
18.09.2026, 10:08
ЕО-ның 27 елінде жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынуы мүмкін
18.09.2026, 10:07
Ғабит Мүсірепов театры 80 жылдығын Көктөбеде атап өтті
18.09.2026, 10:06
«Жасмин мен Балу» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2026, 10:04
Қостанайда Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
18.09.2026, 10:01
Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас ұсақ малды қағып кетті
18.09.2026, 10:01
Қазгидромет: Қазан айы жылы болады
18.09.2026, 10:00