Соңғы қоңырау датасын басқа күнге ауыстыру керек - депутат
Соңғы қоңырау датасын басқа күнге ауыстыру керек. Депутат Аманжол Әлтаев Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке бүгін осындай талаппен депутаттық сауал жолдады.
Өйткені соңғы қоңырау күні - 31 мамырға жылжыды. Ал бұл – ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Депутат маңызды дата тасада қалмауы керек деп отыр. Үкімет бұл күннің мән-маңызына, салмағына қарай лайықты шараларды іске асыруы тиіс.
Тарихи датаны мейлінше насихаттап, ұрпақ бойына сіңіру бағытында жоспарлар құрылуы керек деп есептейді.
Аманжол Әлтаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Арыстарымыздың рухына бір күнді де қимай, апыл-ғұпыл аза тұтқансып, іле-шала той тойлап, думандатып кете беретін болсақ, елдігіміз қайсы?! Адамшылығымыз қайсы?! Сондықтан мектептердегі соңғы қоңырау күнін 30 мамырға, не болмаса 1 маусымға ауыстыру керек. Бұл – ешқандай талқылауды қажет етпейтін әділетті талап.
Әсима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада тамыз кеңесі өтті
18.08.2026, 13:20
Студенттер фермерлерге арналған цифрлық көмекші әзірледі
18.08.2026, 13:17
Трамптың рейтингі 33%-ға дейін төмендеді
18.08.2026, 13:15
Филиппинде мектепте болған атыстан оқушылар қаза тапты
18.08.2026, 13:10
Логистикалық компанияға ₸262 млн 600 мың айыппұл салынды
18.08.2026, 13:07
Егін ору: 2,6 млн гектардан дәнді дақыл жиналды
18.08.2026, 13:05
Мектептерге санитариялық бақылау күшейді
18.08.2026, 13:03
Биылғы оқу жылында жаңадан 47 мектеп ашылады
18.08.2026, 13:00