Заңсыз айыппұл: Ақмола облысында жолдағы электронды таразыдан ақау шықты
«Көкшетау – Астана» автожолындағы жүк көліктерінің салмағын таразылау жүйесі дұрыс жұмыс істемегендіктен 200-ден астам жүргізушіге негізсіз айыппұл салынған. Электрондық құрылғы өткен жылдың соңында 8 күн бойы өткен жүк көліктерінің салмағы нормадан асып кетті деп қате көрсеткен. Осы мәліметке сүйеніп «ҚазАвтоЖол» компаниясының өкілдері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама да толтырып үлгерген. Алайда, жүргізушілердің шағымынан кейін көлік бақылау инспекциясы электронды таразыны тексеріп, техникалық ақау тапты. Қазіргі уақытта автоматтандырылған жүйе қалыпты жұмыс істеп тұр.
Марат Бәйкенов, облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:
Облыстық кәсіпкерлер палатасына жүк тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілерінен көптеген шағым келіп түсті. Сарапшылар оларды қарап, өңірлік көліктік бақылау инспекциясына, «ҚазАвтожол» компаниясына және Көкшетау көлік прокуратурасына хат жіберді. Содан кейін электронды таразы тексерістен өтіп, құрылғыдан техникалық ақау шыққаны анықталды. Нәтижесінде толтырылған хаттамалар өз күшін жойды.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада тамыз кеңесі өтті
18.08.2026, 13:20
Студенттер фермерлерге арналған цифрлық көмекші әзірледі
18.08.2026, 13:17
Трамптың рейтингі 33%-ға дейін төмендеді
18.08.2026, 13:15
Филиппинде мектепте болған атыстан оқушылар қаза тапты
18.08.2026, 13:10
Логистикалық компанияға ₸262 млн 600 мың айыппұл салынды
18.08.2026, 13:07
Егін ору: 2,6 млн гектардан дәнді дақыл жиналды
18.08.2026, 13:05
Мектептерге санитариялық бақылау күшейді
18.08.2026, 13:03
Биылғы оқу жылында жаңадан 47 мектеп ашылады
18.08.2026, 13:00