Маңғыстауда жеке кәсіппен айналысқан мектеп директорларына айыппұл салынды
Маңғыстау облысында 10 мектептің директоры жеке кәсіппен айналысқан. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларына кәсіпкерлік арқылы табыс табуға тыйым салынған. Соған қарамастан, заңсыздыққа барған мектеп басшыларына 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Ал Қарақия ауданында жеке кәсіпкерлікпен балабақша директоры айналысқаны анықталды. Оның бизнестен түскен 18 млн теңгеге жуық табысы мемлекет пайдасына тәркіленді. Сондай-ақ бұрын сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс жасаған адамды жұмысқа алған, Құрық портының басшысы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қайрат Бәйгебаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменттің басқарма басшысы:Барлығы Ақтау, Жаңаөзен аудандарына қатысты мектеп директорлары. Одан бөлек, 4 мемлекеттік қызметші бар. 3 жергілікті атқарушы органға қарайтын кәсіпорын басшылары осы кәсіппен айналысуға тыйым салынған шектеулерді сақтамағаны үшін, жауапқа тартылды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15